Слова песни Ақбота Керімбекова — Бегімайдың жыры


Полный текст песни


Бүлдіргендер мөлдіреп піскен кезде
Тау бұлағын тамсана ішкен кезде
Самал-желмен тербелген тал - қайыңдар-ей
Бақ ішінде мен сені күткен кезде

Махаббатым Сізге арналат
А-а-а-а-ей
Махаббатым сізге
Тағдырым да сізге, арналат

Бал аралар гүлдерге қонған кезде
Алатаудың бал шөбін сорған кезде
Құсалықтан қуарып ақ жүзіміз-ей
Арамыздан көп күндер өткен кезде

Махаббатым Сізге арналат
А-а-а-а-ей
Махаббатым сізге
Тағдырым да сізге, арналат

Көңіліңе гүл сыйлар көктем, күзде
Көздеріңді кірпігің өпкен кезде
Ең алғашқы жолыққан кештегідей-ей
Аспандағы алтын Ай туған кезде

Махаббатым Сізге арналат
А-а-а-а-ей
Махаббатым сізге
Тағдырым да сізге, арналат
А-а-а-а-ей
Махаббатым сізге
Тағдырым да сізге, арналат





Текст добавил: Андрей Курышев