Слова песни (Қазақтың 1000 халық әні) — Аттанарда


Басыңа жарасқан алтын бөрік
Ақ еркем көркіңді қалдым көріп
Көңілім бірге деп ойлаушы едім
Білмеймін не деген дәтің берік

Атыңды ән қылып, күтем деп мәңгілік
Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей?
Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей
Жүр екен дегейсің сұрағанға

Әніңмен жанымды еліктірші
Сезімнің мирасын сезіп білші
Шынымен көңілің менде болса-ай
Ат ізін суытпай келіп тұршы

Атыңды ән қылып, күтем деп мәңгілік
Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей?
Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей
Жүр екен дегейсің сұрағанға





Текст добавил: Андрей Курышев